Қазақстан: еркін пікір білдіру құқығы және «экстремизмге» шектеулер

Қазақстан: еркін пікір білдіру құқығы  және «экстремизмге» шектеулер - Protection

АРТИКЛЬ 19 және Құқықтық Медиа Орталықтың осы есебінде Қазақстандағы «экстремизммен» күреске бағытталған сөз бостандығын заң аясында шектеудің неғұрлым маңызды элементтері және олардың іс жүзінде қолданылуы зерттелді. Осы есепте талданған «экстремизм» туралы ережелердің басым бөлігі «өшпенділік тілі» туралы ережелер болып саналады. Дегенмен, қазақстандық заңнамада бұл термин жоқ

 

Есеп ағылшын тілінде                     Есеп қазақ тілінде                      Есеп орыс тілінде

 

Есепте қазақстандық заңнамада «экстремизм» түсінігі анық емес және кең тұрғыда қолданылатындығы жөнінде қорытынды жасалған, бұл өз кезегінде сөз бостандығы саласындағы халықаралық стандарттарына сай келмейтін ережелер мен түсініктемелерін асыра пайдалануға әкеліп соғады. Заңнамаға келесі жайттар кіреді:

– Тыйым салу, тыйым салынған «экстремистік» контентті таратты деп танылған ұйым қызметін тоқтату;

– «Экстремистік» материалдар тізіміне енгізілген тыйым салынған контентті айналымнан шығару;

– «Экстремистік» контентке қолданбау үшін барлық коммуникациялық желілер мен веб-сайттардың қызметін тоқтату (Байланыс туралы Заңға сәйкес);

– Қылмыстық заңнамаға сәйкес тағайындалатын жазаға қоса, «өшпенділік тілі» бойынша кінәлі деп танылған адамдар үшін негативті салдар (мұндай адамдарды лаңкестік пен эстремизм демеушілері тізіміне қосуға байланысты);

Баяндамада Қазақстанда «экстремизм» концепциясын дұрыс түсінуді талқыламай жатып, ұлттық заңнаманың пікір білдіру еркіндігі тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау талқыланатындығы айтылады. Онда тиісті заңнама адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттармен үйлеспейді деген қорытындыға келеді. АРТИКЛЬ 19 бен Құқықтық Медиа орталық атап өткендей, ол тек қана пікір білдірудің халықаралық стандарттарына сәйкес келмегенімен қоймай, кез келген саяси өзгеше ойлау мен белсенділікті басып жаншу үшін мемлекеттің ішкі заңнамаларын қолданады, сәйкесінше, мемлекеттік бақылау мен цензураның құралына айналады.

Сонымен бірге, баяндамада әртүрлі тақырыптық зерттеулердің көмегімен проблемалық құқықтық тәжірибелер зерттелген. Бұған пікір білдіру еркіндігі үшін ықтимал мүдделердің қақтығысын ескермей, линвистикалық сараптама қорытындылары түріндегі сарапшылардың пікірлеріне тәуелділік және спикердің ниетіне емес, тек тұжырымына назар аудару жатқызылады.

АРТИКЛЬ 19 және Құқықтық Медиа Орталық ел үкіметін тиісті заңнама мен тәжірибені адам құқықтары жөніндегі халықаралық міндеттемелеріне сәйкестендіруге шақырады. Халықаралық стандарттарды сақтау «өшпенділік тілін» азайтуға және зорлық-зомбылық пен жек көрушілікті болдырмауға жетелейді.

Негізгі ұсыныстар

– Пікір білдіру еркіндігінің барлық құқықтық шектеулері заң талаптарына сәйкес (яғни, анық және нақты болуы керек), қажетті (яғни, халықаралық құқыққа сәйкес, пікір білдіру құқығын шектеу мақсаттарының біріне, мысалы, өзге адамдардың құқығын қорғауға қол жеткізуге қажетті болуы керек) және шамаға сәйкес (яғни, егер шектейтін себебі жеткіліксіз болған жағдайда нақты ектеу салынуы керек). Қандай да бір әрекетке шақыру Раббат іс-қимыл жоспарында айтылғандай алты факторлы тексеріске сілтеме жасалып
тұжырымдалуы керек.

– Қазіргі қолданыстағы барлық «экстремизммен күрес» туралы заңдар күшін жою керек. Кем дегенде, зорлық-зомбылыққа айдап салушылықты есепке алмағанда, пікір білдірудің барлық формасы «экстремизммен күрес туралы» заңдардың аясынан, сәйкесінше, «контрэкстремистік» қолдану аясынан алынып тасталуы керек. «Экстремистік» коммерциялық емес ұйымдар және
БАҚ қызметіне тыйымдар да алынуы тиіс;

– Конституцияның 5, 20 және 39 баптарына сәйкес, пікір білдіру еркіндігіне салынатын шектеулер қайта қаралуы керек, халықаралық деңгейде қорғалатын сипаттамалар негізінде дискриминацияға, өшпенділікке және зорлық-зомбылыққа шақыруға теңестірілген пікір білдіру еркіндігін шектеуге ғана жол берілетіндігіне кепілдік берілу үшін қайта қаралу керек.
Нақтырақ айтқанда, өзіне тән белгілі шекара болмағандықтан, «әлеуметтік араздықты қоздыру» негізіндегі пікір білдіруге шектеу толығымен алынып тасталуы керек;

– Қылмыстық кодекстің 174 бабында көрсетілген анықтамаларды қайта қарастырған жөн, бұл ережелердің дискриминацияға, өшпенділікке немесе зорлық-зомбылыққа шақыруға теңестірілген мәлімдемелерге қатысты қолданылуында дискриминация, өшпенділік немесе зорлық-зомбылық шақыратын ниетті дәлелдеуді қажет етеді. «Ұлттық ар-намыс 3 пен беделді немесе адамдардың діни сезімін қорлау» деген сөзді толықтай алып тастау керек;

– Қылмыстық кодекстің 174 бабы бойынша сотталғандар қылмыстық жолмен алынған кірісті заңдастыру және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру Заңының 12 бабына сәйкес, лаңкестік және экстремизмді қаржыландыруға байланысты тұлғалар мен ұйымдар тізіміне қосылған адамдар қатарынан алынып тасталуы керек. Қазіргі таңда тізімде  тұрған барлық адамдар одан
алынып тасталынуы керек;

– Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 453 бабында құқық қорғау органдарының шешімдерін қамтамасыз етуге арналған критерийлер болуы керек. Бұл өз кезегінде құқық қорғау органдары шешімдерінің 174 бап бойынша тергелетін нақты істер бойынша нақты жағдайларды жіктеуге негізделетін екі ережеге сәйкес тізбектелген және жағдайға байланысты болуы керек. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 453 бабын нақты әрекет пен олардың салдарына қажетті қасақана әрекетпен шектелетіндей өзгерту керек;

– Ұйым мен бұқаралық ақпарат құралын жабуға (бүтін веб-сайттарды бұғаттауды қоса алғанда) тек амал таусылғанда ерекше жағдайларда рұқсат берілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдарына өзін-өзі реттеу және шағым беру секілді шектеу баламаларын қарастырған жөн;

– Сот халықаралық адам құқықтары талаптарына, нақтырақ, ХАСҚП (МПГПП) (Раббат іс-қимыл жоспары талқысында) 19 бабының 3 тармағы және 20 бабының 2 тармағына сәйкес, «экстремизм» мен «өшпенділік тілін» шектейтін барлық құқықтық ережелерді талқылап және қолдануға тиіс. Бұл өз кезегінде, қазіргі тыйым салынған «өшпенділік тілінің» дискриминацияға, өшпенділікке
немесе зорлық-зомбылыққа теңестірілген өшпенділікті насихаттаудың тар интерпретациясына қатысты қолданылады;

– Белгілі бір мәлімдеменің тыйым салынған санатқа жататынын не жатпайтынын анықтағанда, сараптама сол мәлімдеменің құрылымымен шектелмеуі тиіс. «Өшпенділік тілі» туралы істерді тергеуге жауапты соттар мен құқық қорғау органдары мәлімдеушінің заңға қайшы әрекеттерді жасау ниетін анықтауы керек. Сонымен қатар, олар арыз арқылы залал келтіру, сол мақсатта жазылған арыздың мазмұнын, көлемін, сондай-ақ, сөйлеушінің орны мен беделін немесе аудиторияға әсерін әрқашан ескеруі қажет;

– Соттар мен құқық қорғау органдары «экстремизм» және «өшпенділік тілі» жөніндегі істерді қарағанда сараптамалық бағалауларға тәуелді болмауы тиіс. Нақты дәлелдемелерді талдау немесе оларға баға беру үшін арнайы білім қажет болған жағдайда ғана сараптамалық пікірге сүйенуге болады. Соттар ешуақытта өз бағаларын сарапшылар жасаған талдаумен өзгертпеуі қажет;

– Веб-сайттарды бұғаттау тек заңды басшылыққа ала отырып, тәуелсіз әрі бейтарап сотқа ғана рұқсат етіледі. Контентті бұғаттау туралы кез келген бұйрық көлемі шектеулі және қудаланған заңды мақсатына мөлшерлес болуы керек. Сонымен қатар, сайттарды, байланысты, желіні бұғаттауға мүмкіндігі бар құқық қорғау органдарына веб-сайттарды бұғаттау және өзге де шараларды Байланыс туралы заңға сәйкес пайдаланбауға кеңес береміз;

– Судьялар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және тиісті лауазымды тұлғалар (мысалы, БАҚ қызметін реттеумен айналысатындар) «өшпенділік тіліне» қатысты адам құқықтары мен салыстырмалы алдыңғы қатарлы тәжірибе саласында халықаралық стандарттар бойынша жан-жақты және тұрақты дайындықтан өтуі керек;

– Құқық қорғау органдары сарапшылармен және азаматтық қоғаммен бірлесіп, адам құқықтары жөніндегі халықарарлық стандарттарға сәйкес, «өшпенділік» тілі туралы істерді тергеудің басты ұстанымдарын жасап шығаруы керек;

– Атқарушы биліктің тиісті органдары қолдарында бар шектеу шараларын қолданғанда сабырлық танытуы қажет. Атап айтқанда, қолдарында бар жеңілірек шектеу шаралары қолданып, кейін «экстремизм» және «өшпенділік тілі» туралы заңның шектеулері бірнеше мәрте бұзылған жағдайда ғана коммерциялық емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының жойылуын / тыйым салынуын талап етуі керек.

 

Есепті ағылшын тілінде оқыңыз

Есепті қазақ тілінде оқыңыз

Есеп орыс тілінде