Коронавирус: АРТИКЛЬ 19 дезинформациямен күресу бойынша жаңа брифингі

Коронавирус: АРТИКЛЬ 19 дезинформациямен күресу бойынша жаңа брифингі - Азаматтық кеңістік

АРТИКЛЬ 19 мемлекеттер, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер айқындықты қамтамасыз ету, дезинформацияға қарсы тұру және беделді денсаулық сақтау ұсынымдарды ілгерілету арқылы COVID-19 індетімен (коронавируспен) күресуге қалай көмектесе алатыны туралы брифингжариялады. Сондай-ақ олар коронавирустің таралуына байланысты Қытайдан немесе Азиядан тұлғаларға қарсы қастастық тілімен күресудегі маңызды рөл атқарады.

Атқарушы директордың міндетін атқарушы Куинн МакКью айтқандай:

«COVID-19 індетімен бірге бүкіл әлемде вирус туралы дезинформация мен қастандық теориялары тарала бастады. Сондай-ақ біз кейбір мемлекеттер БАҚ-тың вирустің таралуы туралы хабарлау әрекеттерін басуға талпынғанын және мұндай ақпаратпен бөлісіп жатқан адамдарды тұтқынға алу үшін жазалау заңдарын қолданғанын көрдік».

«Қазір мемлекеттердің сөз бен ақпарат бостандығын шектеулері үшін уақыт емес. Вирустің таралуы туралы толық айқындық, қоғамдағы расталған ақпаратпен бөлісу және БАҚ-тың тәуелсіз хабарлауы болмағанша, COVID-19 індетімен жаһандық күресу күш-жігерлері сәтсіз болады. Үкіметтер, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер денсаулық сақтау саласындағы бұл жаһандық дағдарыс кезінде ақпараттың еркін ағынын қамтамасыз етудегі рөл атқарулары тиіс».

«COVID-19 індетімен күресу бойынша жаһандық күш-жігерлердің сәттілігі үшін тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары, этикалық журналистика, азаматтық репортаждар, ашық жария пікірсайыстар мен ақпараттың еркін ағыны маңызды».

«Сондай-ақ үкіметтер адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес Қытайдан немесе Азиядан тұлғалар мен қауымдарға қатысты өшпенділікке азғыруға қарсы тұрулары тиіс».

Ақпанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) COVID-19 індетімен бірге таралған, «қажет болғанда адамдарға сенімді көздер мен ұсынымдар табуға кедергі жасайтын» «бұқаралық инфодемия» туралы ескертті. Сондай-ақ ДСҰ вирус туралы қате мәлімет COVID-19 індетіне қарсы тұру күш-жігерлеріне зиян келтіретінін бірнеше рет атап өтті.

Онлайн және оффлайн таралған жалған нанымдар қатарында қолды автоматты кептірушілермен кептіру және сарымсақ пен ағартқышты тамаққа қолдану жұқпаларды емдей алатыны, тараудың себебі АҚШ немесе ҚХР-дың биологиялық қаруы немесе Билл және Мелинда Гейтс Қорының қатерлі қастандығы екені, және 1993 жылғы «Симпсондар» сериясы коронавирусті болжап айтқаны туралы хабарламалар бар.

Кейбір үкіметтер COVID-19 таралуына қатысты жалған ақпаратқа қарсы қатты әрекет етті. Қатаң карантин шараларын қабылдап және жаһандық денсаулық сақтау өкілдерімен ынтымақтасып, індетке тәсілдемесін өзгерткеніне қарамастан, Қытай БАҚ-тағы ақпараттың ағыны мен көрсетілуін қатаң бақылауды және үкіметтік қайраткерлер мен олардың саясатын сынға алатындарды қудалауды жалғастырды. Азияның басқа елдері вирус туралы болжам бойынша өтірікті таратқан адамдарды тұтқындап және оларға қарсы айып тағып, «жалған жаңалықтар», онлайн тілдесу мен киберқылмыстарды реттейтін жазалау заңдарын қолданды. Таиланд жаңа «Жалған жаңалықтарға қарсы күрес орталығына» COVID-19 туралы жалған мәлімдемелерді тергеу және қылмыс істерін қозғауға уәкілеттік берді. Иранның үкіметі болжам бойынша дезинформацияны таратып жатқан тұлғаларды тұтқындауға әкелген «коронавирустан қорғаныс базасын» құрып, елде COVID-19 таралуы туралы ақпаратты жасырып жүре берді.

АРТИКЛЬ 19 брифингінде қазіргі COVID-19 дағдарысы кезінде сөз бен ақпарат бостандығына байланысты бірқатар мәселелер баяндалады және үкіметтер, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер үшін өзекті ұсынымдар беріледі:

Үкіметтер үшін: Үкіметтер  COVID-19 таралуына қарсы өз көзқарасын еркін білдіру бостандығы мен ақпаратқа қолжетімділікті көтермелейтін әрекеттер мен саясатты әзірлеулері қажет. Цензура мен қылмыстық жазаға негізделетін, дезинформация мен «қастастық тіліне» тәсілдемелер орнына айқындық пен БАҚ бостандығына ерекше көңіл аударатын тәсілдемелер таныстырылуы қажет.

БАҚ үшін: БАҚ пен журналистер ақпаратты нақты және әділ хабарлаулары, насихаттық науқандар мен ресми кемсітушілік оқиғаларын тергеулері, сондай-ақ жоққа шығару және жауап беру құқықтың бар болуына көз жеткізулері қажет.

Әлеуметтік желілер үшін: Әлеуметтік желілер COVID-19 туралы нақты, расталған ақпараттың таралуын ілгерілету мақсатында ДСҰ-мен және денсаулық сақтау органдарымен ынтымақтастықты жалғастырулары қажет. Сондай-ақ олар дезинформация мен «қастастық тіліне» қарсы қолданылып жатқан әрекеттер айқын әрі түсінікті саясат пен тиісті іс жүзіндегі кепілдіктерге негізделуін қамтамасыз етулері тиіс.

Брифингтің толық мәтінін сілтеме арқылы табуға болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін [email protected] электронды поштасы арқылы хабарласыңыз.

Font Resize
Contrast