Covid-19 пандемиясы жағдайында ақпаратқа құқықты қамтамасыз ету

Көптеген үкіметтер COVID-19 індетіне жауап ретінде, пандемия мен қоғамдық маңызы бар басқа мәнді салаларға қатысты мемлекеттік органдардың қолдарындағы ақпаратқа қолжетімділікті шектейтін шаралар қабылдады. Мемлекеттік міндеттер мен қызметтердің азайғандығынан немесе қайта бөлінгендіктен, осы үкіметтердің көбісі үшін қоғамның ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету жиі маңызды немесе басым мәселе ретінде қарастырылмайды. Басқа үкіметтер нашар шешім қабылдауды сынаудан қорғау әрекетінде, немесе адам құқықтарын шектеу және сыбайлас жемқорлықты жасыру бойынша ауқымды күш-жігерлер шеңберінде жасырындықты күштеп міндеттейді. Бұл шектеулер халықаралық құқықта бекітілген, ақпаратқа қолжетімділік пен қоғамдық денсаулыққа қатысты міндеттемелерді бұзады.

«Осы уақытта үкіметтер мейлінше ашық әрі айқын, қайырымды және өздері қорғауға тырысатын адамдарға жауапты болулары тиіс».

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, 2020 жылғы сәуір

Қоғамның өз үкіметтерінің қызметі туралы білу құқығын кеміту COVID-19 індетімен күресу күш-жігерлері үшін контрөнімді болып табылады — ақпаратқа құқық қоғамның хабардарлығы мен сенімін көтерудегі, дезинформациямен күресудегі, есеп берушілікті қамтамасыз етудегі, сондай-ақ дағдарысты шешуге арналған мемлекеттік саясатты әзірлеудегі және оның іске асыруын бақылаудағы елеулі маңызға ие. Төтенше жағдайда ақпаратқа құқықтың мейлінше кең дәрежеде сақталуы аса маңызды болып табылады.

Бұдан өзге, індет туралы хабарлау және оған әрекет үшін қажетті ақпаратқа қоғамның қолжетіміділігін қамтамасыз ету мақсатында үкіметтер алдын ала шаралар қолдану арқылы қоғамды пандемия мен қолданылатын шаралар туралы хабарландырулары тиіс.

Бұл құжатта COVID-19 індетімен күресу және есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында ақпаратқа қолжетімділік бойынша сақталуы тиіс міндеттемелер қарастырылады, және билік уақытылы түрде жариялауы тиіс өзекті ақпарат пен дерек жинақтар тізімі ұсынылады. Ол үкіметтер, азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына осы пандемия және өткен дағдарыстар кезінде бүкіл әлем тәжірибесі негізінде жариялануы тиіс өзекті ақпарат пен деректерді анықтауға көмектесуге арналған.

Қазақ тілінде оқыңыз